Табиғатқа нағыз жанашыр жандар ұжымы!

Біз PP, PE, PET, LDPE, HDPE пластик қалдықтарын қабылдап, оларға жаңа мән береміз! Жасыл болашаққа бірге қадам басайық!

БІЗДІҢ КӘСІПОРЫН

"Amantay PLAST" кәсіпорынның негізгі қызметі – қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында пластик пен полиэтиленді (PP, PE, HDPE, PET, LDPE) қайта өңдеу. Өңірдегі тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату арқылы табиғатты ластанудан қорғап, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға нақты үлес қосып келеміз. Жұмысымыз тек өнім өндірумен шектелмейді – аймақты тазарту, жергілікті экожүйені қалпына келтіру және жасыл болашақ қалыптастыру ісіне белсенді атсалысамыз.

Қайта өңдеу

Біз қолданылған полиэтилен (LDPE, HDPE) пленкасы мен пластик (PP, PET) бұйымдарын қабылдап, оларды заманауи технологиялар арқылы қайта өңдейміз. Бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге және қалдықтарды азайтуға көмектеседі.

Жәшік шығару

Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мен сақтау кезінде сапасын жоғалтпайтын, әртүрлі көлемдегі жәшіктерді ұсынамыз. Бұл шешім өнімдердің бұзылуын болдырмай, кәсіпкерлерге сенімді әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Шикізат өндірісі

Біз қайта өңделген материалдардан жоғары сапалы пластикалық түйіршіктер (гранула) (PP, PE, HDPE) шығарамыз. Бұл шикізат құрылыс, өндіріс және басқа да салаларда кеңінен қолданылады.

Қайта өңдеу өндірісі мен өнімдерге толық шолу

КӘСІПОРЫН ӨНДІРЕТІН ӨНІМДЕР

Жәшіктер

Толығырақ

Түйіршіктер

Толығырақ

Құбырлар

Толығырақ

Жәшіктер

Amantay PLAST жәшіктері — ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мен сақтауға арналған заманауи шешім. Біз фермерлер мен кәсіпкерлер үшін әртүрлі көлемдегі берік әрі экологиялық пластикалық жәшіктер ұсынамыз. Жәшіктеріміз көкөніс, жеміс және басқа да өнімдерді зақымданудан қорғай отырып, логистиканы жеңілдетеді және жұмыс тиімділігін арттырады. Жеңіл, төзімді, жинақы — біз ұсынған қаптама өнім сапасын сақтап қана қоймай, шығынды азайтып, табысыңызды арттырады.
Amantay PLAST жәшіктері — агробизнес үшін сенімді таңдау!
Жәшік өлшемі: 25×15×13см
Тапсырыс беру
Жәшік өлшемі: 30×20×15см
Тапсырыс беру
Жәшік өлшемі: 40×30×15см
Тапсырыс беру
Жәшік өлшемі: 50×30×10см
Тапсырыс беру
Жәшік өлшемі: 60×40×14см
Тапсырыс беру
Жәшік өлшемі: 60×40×17см
Тапсырыс беру
Жәшік өлшемі: 60×40×19см
Тапсырыс беру
Жәшік өлшемі: 60×40×24см
Тапсырыс беру
Жәшік өлшемі: 60×40×30см
Тапсырыс беру

Түйіршіктер

Тапсырыс беру
Amantay PLAST – қайта өңделген шикізаттан жасалған жоғары сапалы пластикалық түйіршіктердің (гранулалардың) сенімді өндірушісі.
Біз қайта өңделген материалдардан жоғары сапалы пластикалық түйіршіктер (PP, PE, HDPE) шығарамыз. Бұл гранулалар құрылыс, қаптама, тұрмыстық және өндірістік бұйымдарды жасауға арналған сенімді әрі тиімді шешім.
Бастапқы шикізатпен бәсекелесе алатын сапа, үнемді баға және экологиялық жауапкершілік — біздің өнімді таңдаудың басты себептері.
Amantay PLAST – экологиялық таза, сенімді полиэтилен құбырларының өндірушісі. Біз 20 мм-ден 315 мм-ге дейінгі диаметрде және жоғары қысымға төзімді (PE80, PE100) полиэтилен құбырларын ұсынамыз. Өнімдеріміз ауыл шаруашылығында (тамшылатып суару, ирригация), сумен жабдықтау және құрылыс салаларында кеңінен қолданылады. Құбырлар коррозияға ұшырамайды, төзімділігі жоғары және ұзақ мерзімді пайдалануға арналған. Amantay PLAST – сапа мен сенімділікті қатар ұсынатын тиімді инфрақұрылым шешімі.

ҚАБЫЛДАУ

Amantay Plast кәсіпорны жеке және заңды тұлғалардан пластик қалдықтары мен полиэтилен пленкаларын қабылдаймыз. Басты мақсатымыз – қоршаған ортаға келетін зиянды азайтып, пайдаланылған материалдарға екінші өмір сыйлау.
Қабылдайтын материалдар:
Жылыжайдан шығатын қалдықтар - жабынды пленкасы; жылыжайдан шыққан қалдық пленка; тамшылап суғару жүйесінің қалдықтары
Пластик қалдықтар - тұрмыстағы қолданыстан шыққан пластик бұйымдар
Пленка - дүкендерден шығатын сусын қаптама пленкалары
Бөтелке (ПЭТ) - сусындардың ыдысы
Неліктен бұл маңызды:
Қайта өңделген әрбір килограмм пластик – қоршаған ортаға қосқан нақты үлес. Бірлесе отырып, біз қоқыс полигондарына түсетін қалдық көлемін азайтып, көмірқышқыл газының (CO₂) ауаға таралуын төмендете аламыз. Бұл – табиғи ресурстарды үнемдеудің және болашақ ұрпаққа таза орта қалдырудың сенімді жолы.
Қайта өңдеу мен CO₂ арасындағы байланыс:
Жаңа пластик өндірісі — бұл мұнай мен газ сияқты табиғи ресурстарды пайдалану. Оларды өндіру, тасымалдау және өңдеу барысында көп мөлшерде CO₂ бөлінеді. Қайта өңделген пластик – бұл дайын шикізат, оны қайта балқыту мен өңдеу кезінде энергия аз жұмсалады, яғни парниктік газдар азырақ бөлінеді. Егер пластик қоқыс полигондарында шіріп жатса, онда ол зиянды және басқа улы газдар бөледі. Бұл да климатқа әсер етеді.
Қалдықты өткізуге өтініш беру

Кәсіпорынның бір жылда қайта өңдеу және өндіру көрсеткіштері

600
тонна пластик
қайта өңдеу
650000
дана жәшік
өндіру
1000
тонна шикізат
өндіру
400
тонна құбыр
өндіру

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

AMANTAY PLAST серіктестікке әрдайым ашық және экологиялық тұрақты болашақ үшін бірге жұмыс істеуге шақырамыз!

Жәшік

сатып алу / тапсырыс беру
+7 700 048 00 48+7 700 048 00 48

Құбыр

сатып алу / тапсырыс беру
+7 700 111 82 82+7 700 111 82 82

Пластик, пленка

өткізу / тапсыру / сату
+7 702 331 66 76+7 702 621 12 20

Байланыс

Жалпы сұрақтар бойынша
+7 702 848 48 48+7 702 848 48 48

Орналасқан жеріміз

Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Нұрлыжол ауылы